БАӘ тарихта алғаш рет ғарыш госпиталын жасау жобасының басталғанын жариялады, деп хабарлады ТАСС.
«Мұндай госпиталь жасау туралы мәлімдеме Arab Health 2018 форумы аясында жасалды, ол форумда БАӘ денсаулық сақтау және профилактика министрлігі обыр, қант диабеті, депрессия секілді созылмалы ауруларды емдеуге арналған басқа да бастамаларын таныстырды», — деп жазады Khaleej Times басылымы.
«Ғарыш кемесінің бортында отырып, нанотехнологиялардың арқасында ғарышкерлер барлық қажетті емді қашықтықтан алып отырады, ал біз ол процесті жерден бақылап, басқарып отырамыз. Хирургтар нанороботтарды қанға енгізетін болады, ол болашақта ота жасау қажеттілігін азайтады, себебі олар ауру жасушаларды тауып, оларды қалпына келтірумен айналысады», — деген министрлік қызметкері Культум аль-Белооши газетке.
Бұдан басқа үнемі сканерлеу жолымен роботтар ғарышкерлердің өмірлік көрсеткіштерін есептейді, ол мамандарға олардың денсаулығы туралы нақты ақпарат алуға көмектеседі.
Денсаулық сақтау және профилактика министрі Абдель Рахман бен Мухаммед аль-Овейс атап өткендей, жоба Жерде бірнеше мәрте тестілеуден өтеді, сосын ғарышта пайдалануға бейімделеді.
Болашақта ғарышкерлерді емдеу үшін пайдаланылуы мүмкін басқа негізгі технологияның бірі жасанды интеллект.
«Түрлі ауруларды емдеудің барлық тәсілдері, соның ішінде созылмалы ауруларды да, медицина саласындағы соңғы жетістіктермен бірге жүреді. Егер қажеттілік туса, науқас ауруын өз бетінше емдей алатындай мүмкіндік жасау үшін», — деді ол.
«БАӘ ұлттық ғарыш бағдарламасы бірден бірнеше жобаларды қарастырып отыр. Мәселен, елдің марсиандық миссиясы 2020 жылы Норе кемесін ғарышқа ұшырмақ. БАӘ басшылығынң ойынша, 2021 жылы мемлекеттің құрылғанына 50 жыл толуына орай кеме Марсқа жетуі керек. Бұл мұсылман елдері Марсқа ұшырған алғашқы ғарыш аппараты болмақ», — делінген хабарда.
Дереккөз: ҚазТАГ.
Фото: s3.hvylya.net