Теспеде тірек пайдалануға берілді. Оңтүстікте алғаш болып қолған алынған модульді құрамалы медициналық пунктердің саны 20-ға жетіпті. Небәрі екі айда аяқталған модульдік құрылыс бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына сеп болады екен. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысқан ашылу рәсімін ауыл халқы қуанышпен қарсы алды. Құрастырмалы-қаңқалы модульдік конструкция әсіресе, шалғай жатқан елдімекендер үшін тиімді. Заманауи үлгіде жабдықталып, қажетті құрал-жабдықтар да болады мұнда.
Енді, Сайрам ауданына қарайтын Теспе жұрты алыстан арбаламайтын болды. Ауылға тән сәулеттік келбеті бар медициналық пунктте қызмет алатын болады. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы Оңтүстікте жалпы саны жыл соңына дейін дәл осындай 47 медициналық пунктті тапсыруды жоспарлап отыр. Соның ішінде 5-уі Сайрам ауданына тиесілі. Шаршы алаңы 125-ті құрайтын тіректердің конструкиялық құны 30 млн теңге.
Осы тұста, облыс басшысы Жансейіт Түймебаев бюджет есебінен салынып жатқан құрылыстарды жұмыстан тыс уақытта өзі келіп, арнайы тексеретіндігін жұрт алдында айтып қалды. 700-ге жуық тұрғыны бар Теспе үшін медициналық тіректе алғашқы санитарлық көмек көрсетілетін болады. Ал, Ақсукентте 500 келушіге арналған емхана құрылыс жүргізіліп жатыр. Инсульт орталығын ашу да жоспарда тұр.