Әсет Тұрысов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«Директорлар кеңесінің №198 шешімімен 2018 жылдың 29 қаңтарында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» (ҰАТ) АҚ басқармасының төрағасы болып Әсет Тұрысов тағайындалды», — делінген сейсенбіде «ҰАТ» сайтында жарияланған хабарда.
Бұған дейін 30 жасар Ә.Тұрысов «Қазпошта» АҚ директоры қызметін атқарған.
Әр жылдары «Қазпошта» АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік қауымдастығы» ҰАҚ басшылық қызметтерде болған.