27337132_1722946017756371_8379639665793710975_n

Футболды дамытудың Созақтық үлгісі

Футбол — бұқаралық спорт. Ал, біз айтып отырған бұқаралық спортыңызды созақтықтар бақайшағына дейін меңгерген. Кеңес Одағын дүркіреткен «Шалқар» командасының, ұлттық құраманың шабуылшысы Таңат Нөсербаевтың жұлдызды жолын жерлестері жалғастырып келеді, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Ерлан Райымқұлов.

27500371_1722995531084753_1653807084942531857_o

Былғары допқа деген құлшыныс соңғы кездері ерекше. Спорт ғимараттары лық толы. Сенбі, жексенбі күндері үзілмей өтетін жарыстар. Қалған күндері сол жарыстарға дайындық. Екі жылдың көлемі болды, «жыл аралық» жарыс өтеді. Әр мектептің бітіруші түлектері өз жылының намысын қорғап, жасыл алаңға шығады. Алаңның әр бұрышында қиян кескі айқас, допқа талас. Әуелі, Шолаққорған ауылындағы Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің 2002 жылғы түлектері, 1985 жылы туылған жігіттері бастаған жарысты Ы. Алтынсарин, Ә. Молдағұлова, Т. Әлімқұлов, А. Байтұрсынов, бұрынғы Н. Төреқұлов қазіргі Шолаққорған жалпы орта мектебінің түлектері де іліп алып кетті. Ауыл округтерінде де бұл жарыс жалғасып жатқан көрінеді. Әр мектептің көшпелі Кубогы, медальдары мен мақтау қағаздары, жарысқа көрік беріп тұр. Тіпті 1966 жылы туылған сақа азаматтар да команда құрып, желкілдеген жастарды жеңіп чемпион атанды. Несін айтасыз, Созақта футбол жарысы қызып тұр.

Елбасы Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытудың бірден бір жолы осы. Рас. Бүгінде Созақтың бесіктен белі шыққан баласынан бастап, еңкейген кәрісіне дейін спорт ғимаратынан табасыз. Бірі ала допты ұршықша иіреді, бірі жанкүйерлік етеді. Бір өтірігі жоқ, теріскейде теңбіл допқа деген  деген ықылас алабөтен. Сенбесеңіз кез-келген созақтықтардан сұрап көріңіз.

Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшылығы да бұл істі қолдап келеді. Алдағы жоспарларында әр мектептің жеңімпаздары арасында, «Чемпиондар лигасын» өткізуді жоспарланып отыр.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!