7771

Головкин мен Альварестің қарымта жекпе-жегі өтетін күн анықталды

WBC, WBA, IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес 5 мамырда қарымта кездесу өткізеді.

Бұл туралы BoxingScene хабарлады.

Жекпе-жектің өтетін орны жуық арада белгілі болады.

«Бокс тарихындағы маңызды жекпе-жектердің біріне қайта қатысатыныма қуаныштымын. Екінші кездесу кезінде барлық жанкүйер тартысты шайқастан әсер алады. Бұл жолы Геннадий Головкин судьяларды сылтау ете алмайтын болады. Себебі мен оны нокаутпен жеңемін», — депті Альварес.

Ал отандасымыз бұған былай жауап қайырды: «Альвареспен тағы кездесетініме қуаныштымын. Бұл әлем тілеп отырған жекпе-жек. Мен соған лайықтымын. Мен бірінші жекпе-жекте кейбір судьяның шешімімен келіскен жоқпын. Бұл жолы көкіректе ешбір күмән қалмайды. Мен рингтен орта салмақтағы чемпион атағымен кетемін».

Дереккөз:24.kz
 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!