«Сақталушы еді сыбаға…» этнофестивалі Отырар ауданында жалғасын тапты | "Айғақ" ақпараттық порталы
111

«Сақталушы еді сыбаға…» этнофестивалі Отырар ауданында жалғасын тапты

Ұлтымыздың «Сыбаға беру» деген салты бар. «Сыйлағаныңа сақтағаныңды бер» деп текке айтылмаса керек. Ерекше дәстүр. Қазы-қарта, жал-жая, май-құртын сарымайдай сақтап, келген қонақтың да алдына қояды. Алыста жүрген ұл-қызына сыбағасын беріп жібереді. Ағайынды жақындастырады, бір-біріне құрметін арттырады. Ақ жаулықты апаларымыз сыбағаның түр-түрі бар екендігін айтады. Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінде өткен «Сыбаға» этнофестивалінде осындай ұмытылып барa жатқан дәстүрімізбен қайта қауыштық.

0093ha-still012

Сақталушы еді сыбаға… Дәл осы тақырыпта Отырар аудандық мәдениет сарайында халқымыздың ұмыт бола бастаған «Сыбаға» дәстүрі сахналанды. Этнофестиваль Әдет-ғұрып салт-дәстүр орталығының Отырар аудандық Тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесе ұйымдастырумен өтті. Осымен екінші рет ұйымдастырылған шараның мақсаты — ұлттық құндылықтарымыздың жойылып кетуіне жол бермеу.

0093ha-still002

 Жоба жыл бойына жалғасады. Ел арасында күні бүгінге дейін салтымызды ұмытпаған дана қариялар, ұлағатты ағалар мен ақ жаулықты аналарымыз бар. Көпті көрген, білгені мол қарияларды жастармен кездестіріп, олар келер ұрпаққа салт-дәстүрімізді түсіндіріп, ұмтылғандарын жаңғыртып, айтып береді. Тіпті, ұлттық тағамдарымыздың жасалу жолдарын көрсетіп, бірге дайындайды,-дейді Әдет-ғұрып салт-дәстүр орталығының басшысы Жәнібек Тағаев

0093ha-still013

Қазақ халқы әрқашан салт-дәстүрін құрметтеген. Әр ғасыр сайын дәстүрін жаңғыртып, ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін қашанда түсіне білген. Халқымыздың қыс мезгілінде атап өтетін «Сыбаға» ұлттық мерекесін халық арасында насихаттау бүгінгі өткізіліп отырған шараның негізгі міндеттерінің бірі. Ұмыт бола  осы  көне дәстүрді былтыр Бәйдібек ауданы бастаса, биыл Отырар ауданы жалғастырып отыр.

0093ha-still006

0093ha-still010

0093ha-still011

Өте алыс жерлерде тұратын туыстарға, әсіресе, жасы үлкейген кісілерге сыбаға бөлінетін әдет-ғұрып болған. Оны ірі малдан, ұсақ малдан, азық-түліктен болсын «жеңсік ас» деп бара жатқан адамдардан беріп жібереді не апарып береді. Беретін сыбағаны ерекше баптап, сақтап қоятын. Айранды ашытып құрт жасайтын. Көктем кезінде дайындалған сары майды бұзылмасын деп қарын мен бүйендерге салатын. Майлы сүттен сары ірімшік дайындайтын. Ал, сүрленген еттің жөні бөлек. Оның сыйлы мүшелері мен қазыларын бүтіндей, қой етін қарынға тұздап, бұрыштап, алыстағы ағайынға бөлек-бөлек үлесіріп беретін.

0093ha-still007

0093ha-still008

Фестиваль барысында мал өнімдері мен дәнді-дақылдардан дайындалған сыбаға түрлерінің жасалу жолдары түсіндірілді. Төрт түлік малдың берекесі – татулықтың, сыйластықтың, үлкендерді сыйлаудың, өсіп келе жатқан ұрпаққа бірін-бірі туыс-бауыр, ағайын, жекжат, нағашы-жиендердің татулығына бастайтын ұлттық тәрбиеміздің керемет үлгісі соғым сою, мүшелеу, ет осу, сүрлеу тәртібі өз орнымен көрсетілді.

0093ha-still014

Шара соңында Отырар аудандық Тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің ұжымы мен жобаға ат салысқан зиялы қауым өкілдері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Жансая Елемесова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!