7e78970

Медициналық ұйымдарға тегін дәрі-дәрмектерді жөнелту туралы ақпаратты онлайн режимінде көруге болады

Диспансерлік паценттерге тегін босату үшін қазірдің өзінде аймақтарға қандай дәрі-дәрмектер жөнелтілгені туралы ақпартты енді Бірыңғай дистрибьютор сайтының «2018 жылға АДҚ бойынша ақпарат» бөлімінен мына сілтеме бойынша: http://www.sk-pharmacy.kz/rus/press-centr/zakup_ls_i_imn_na_2018_god_rus/ табуға болады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарда айтылғандай, «СҚ-Фармация» сайтының арнайы құрылған бөлімінде пациенттер бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті сатып алу жағдайы туралы және дәрі-дәрмекті тегін рецепт бойынша босататын дәріхана ұйымдарында қолжетімділігі туралы барлық қажетті ақпартты таба алады.

Бірыңғай дистрибьютордың Басқарма төрағасының  міндетін атқарушы Шария Исмуханованың айтуынша, бөлімдегі ақпарат күнделікті жаңартылады және пациенттер өзіне ұсынылған дәрі-дәрмектердің дәріханаларға түскенін көре алады. «Пациенттер өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоқтығын және дәріханаға келгенін білу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан, бұл деректерді ашық жариялау туралы шешім қабылданды», — дейді Шария Исмуханова.

Сондай-ақ, сайтта сіз тегін ақпарат алу үшін дәрі-дәрмектердің мекен-жайы мен байланыс телефондары туралы ақпараттарды таба аласыз.

Сонымен қатар, бөлімде қазақстандықтар қажетті препараттардың өз аймағына жөнелту кестесі туралы неғұрлым нақты ақпаратты қоңырау шалу арқылы алуға болатын шұғыл байланыс телефондары жарияланды.

Бірыңғай дистрибьютор ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасы бойынша аймақтардағы медицина және дәріхана ұйымдарына  дәрі-дәрмектің жеткізілуінің және олардың рецепт бойынша босатылуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін осындай шаралар қабылдады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!