Созақ ауданы әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов аудан халқы алдында қорытынды есеп берді, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Есептік жиында аудан әкімі: «Биыл Созақ ауданының құрылғанына 90 жыл толады. Даталы күнді үлкен көлемде атап өтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар аудандағы көзі тірі Ұлы Отан соғысының 6 ардагеріне «Нива» автокөлігінің кілтін табыстаймыз. Олар қандай құрметке де лайық. Бұл біздің жеңіс жолында қан кешкен ардагерлерге жасалған аз да болса марапатымыз»,- деді.
Аудандағы Ұлы Отан соғысының көзі тірі ардагерлері: Тәжі Нұрқожаев, Мырзахмет Жылысбаев, Шәміл Тагиев, Сергей Дранов, Әуесхан Шайдазимов, Бексейтов Оспан. Барлығыда бүгінде немере шөбере сүйіп отырған қазыналы қариялар.