Облыстық ардагерлер кеңесінің үшінші пленумыны өтті. Жиынның күн тәртібі, Елбасының “Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамуыдың жаңа мүмкіндіктері” атты халыққа арнаған жолдауы мен ардагерлер кеңесінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары болып отыр.
Есепті жиында көпті көрген ақсақалдар Мемлекет басшысының алға қойған мақсат мүдделерін орындауда, аға буынның атқарар рөлі орасан. Себебі, болашақ ұрпаққа бағыт-бағдар беретін данагөй қариялар қауымының орны ерекше.
Ал, өткен жылы ардагерлер қатарының бірлігіне және оны нығайтуға, мүшеліктің маңызын арттыруда сондай-ақ, бастауыш ұйымдарын қайтадан құру жөнінде белсенді жұмыс жасалыныпты.
Әр түрлі, нысандардағы іс-шараларға зейнет жасындағы 180 мыңнан астам азамат қатысып, 3 мыңнан астам әр түрлі қоғамдық жұмыстар өткізілген. Осылайша, оқушылар сарайында өткен қорытынды жиында ардагерлер 2017 жылы атқарылған шараларды тізгіндеп, алдағы міндеттерді пысықтады.