Елбасы жарлығына сәйкес барлық денгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері жалғасуда. Осы орайда Қазығұрт ауданына қарасты Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінің әкімі Оразалы Қазыбаев округ орталығы Рабат елді мекенінде 2017 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап өз есебін қорытты. Ал осы есепті жиынға қатысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев та өткен жылдың жетістіктері мен шешімін тапқан мәселелерді айтып алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Мұнан өзге тұрғындардың талап-тілектері тыңдалған басқосуда еңбегіне қарай ауыл оуругі және аудан әкімінің жұмысына тұрғындар тарапынан тиісті баға беріліп жатты.
Қазығұрт ауданына қарасты Қ. Әбдәлиев ауылдық округінің әкімі Оразалы Қазыбаев пен аудан басшысы Төлеген Телғараевтың 2017 жылдың қорытындысы мен алда тұрған міндеттері туралы есепті кездесулері Рабат елді мекеніндегі мәдениет үйінде өтті. Жиынға жергілікті тұрғындар мен ардагерлер, аудандық әкімдікке қарасты бөлім басшылары және коммуналдық мекеме қызметкерлері де қатысты. Ал алғаш болып есепті баяндамасын жасаған Қ.Әбдәлиев ауылдық округінің әкімі құрамына 7 елді мекен қарайтын 15 мыңнан астам тұрғыны бар ауылда атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болып табылатын округте өткен жылы жалпы 10 мың 580 гектардан астам егістік жерге астық егіліп, орташа есеппен бидайдың әр гектарынан 32 центнерден өнім алынған. Міне осының нәтижесінде ауыл округі астық түсімділігі бойынша аудан көлемінде 1 орынға ие болған.
Қ.Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасынан соң аудан әкімі Төлеген Телғараев та Рабат елді мекені тұрғындарының алдында ауданда өткен жылы атқарылғапн жұмыстардың есебін қорытты. Ең алдымен Қазығұрт ауданының экономикалық көрсеткіштеріне тоқталған Төлеген Тұртайұлы жергілікті бюджеттің көлемі артып, өнеркәсіп саласының өнімі де молайып отырғандығын жеткізді. Айтуынша негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болып табылатын ауданда шарушылықтар мен ӨК-тер белсенді жұмыс жасап нәтижесінде былтыр бұл салада 31 млрд 641 млн тенгенің өнімі өндірілген. Жылыжай шаруашылығында да да серпіліс бар. Айталық өткен жылы 29 гектар жылыжай іске қосылып, ауданда оның жалпы көлемі 101 гектарға жеткен. Ал астық жинаудан Қазығұрттық шаруалар әр гектардан орта есеппен 23 центнерден өнім алып облыс бойынша аудан-қалалар арасында көш басынан көрініп отыр.
Сонымен бірге елді мекендердің ішкі жолдарын қалпына келтіру жұмыстары бойынша былтыр 600 млн тенгеден астам қаржыға 32 көше жөндеуден өткізілсе, биыл тағы бірнеше көше мен бірқатар елді мекендер жолын қалпына келтіру отыр. Сондай ақ ауданда электр жарығымен қамтамасыз ету, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту бойынша тындырымды тірліктер жасалған. Осылайша Қазығұрт ауданында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат міндеттерге тоқталған Төлеген Телғараевтың есепті баяндамасынан соң мінбеге шығып сөз алған жергілікті тұрғындар ауыл округі мен аудан әкімінің атқарған жұмыстарын оң бағалап жатты.
Абай ОМАР