Бүгін «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов дүниеге келген. Қуаныш иесін мерейлі мерекесімен құттықтаймыз!
Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келді. Экономист және мемлекеттік әкімшіліктік басқару мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Әр жылдары жауапты басшылық қызметтерде болды. Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, Премьер-Министр Кеңсесінің жетекшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Ғ.Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне дейін Шымкент қаласының әкімі болды.