35

Өзбекстан Республикасының Президенті Ш. Мирзиеев Ақтөбедегі автобус өрті жайлы…

Өзбекстан азаматтарының Ақтөбедегі автобустың өртенуінен қайтыс болуы – халықты жұмыспен қамту жағдайының жоқтығы. Мұндай мәлімдемені ел президенті Шавкат Мирзиеев айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті жұма күні Сұрхандария облысына жасаған жұмыс сапары аясында Хәкім Термезидің кесенесіне барып, қайтыс болғандардың рухына құран бағыштады. Оның кесенені аралаған сәті түсірілген виедоны ел басшысының баспасөз қызметі Telegram-арнасында жариялады.

«Болған қайғылы оқиға бірнеше шаруаны тындыру керектігін білдіреді. Атап айтқанда, біздің халық алдында қарызымыз көп. Адамдарға жұмыс орнын тауып бермеген соң, олар басқа елден іздеуге мәжбүр», — деді Мирзиеев.

Президенттің айтуынша, төтенше жағдай ел президентінің, осы саланы басқаратын құзырлы қызметкерлердің халықты жұмыспен қамтуға қатысты проблемаларды шешпегенін дәлелдейді.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында қайтыс болғандардың алдын ала тізімі жарияланды. Қайтыс болғандардың барлығы – Наманган облысында дүниеге келген ер адамдар. Ең үлкені 41 жаста, ал ең жасы 19-да. Алдын ала тізімде 29 адамның аты көрсетілген. Сондай-ақ, зардап шеккендердің аты-жөні жазылған.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай 18 қаңтарда Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында Астана уақытымен сағат 10.30-да болды. Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанып жатқан автобустан 5 адам шығып үлгеріпті, 52 адам қайтыс болған.

Бұдан кейін Ақтөбеде өртенген автобустың видеосы шықты.

Сонымен қатар, автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, олар Ақтөбеге жеткізілді. Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров бар. Барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан Мырзахметов.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда болған оқыс оқиға орнына дәрігерлер, СІМ және министрлік қызметкерлерін жіберу үшін ұшақ жіберетінін хабарлаған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев баспасөз конференциясында Ақтөбе облысында болған автобус өртінің алдын ала себебін айтып берген болатын.

Дереккөз:

baq.kz



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!