2017 жылы 25 желтоқсанда өткен облыстық мәслихатының кезекті сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған бюджетте жұмылдыру дайындығы мен төтенше жағдайлардың объектілерін дамытуға 3 554 408 мың теңге қарастырылды. Соның ішінде, 2018 жылы салынатын құрылыстар анықталды. Атап айтқанда:
Шымкент қаласы, әкімшілік-іскерлік орталығындағы 4 автомобильді өрт сөндіру депосы және қосымша ғимаратының құрылысына 18 751 мың теңге;
Шымкент қаласында модульдік орындауда (күшейтілген металл колонналарымен ағаш қаңқасы) тез салынатын 4 автокөлікке арналған 2 қабатты өрт сөндіру депосының құрылысына 19 953 мың теңге;
Ленгір қаласында модульдік орындауда (күшейтілген металл колонналарымен ағаш қаңқасы) тез салынатын 4 автокөлікке арналған 2 қабатты өрт сөндіру депосының құрылысына 19 953 мың теңге;
Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуы және жоюды ұйымдастыру басқармасының материалдық –техникалық жабдықтау қоймаларының құрылысына 15 000 теңге бөлінді.
Сонымен қатар, 2019 жылы төмендегі құрылыстар салыну жоспарлануда.
Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуы және жоюды ұйымдастыру басқармасының материалдық –техникалық жабдықтау қоймаларының құрылысына 1 462 000 мың теңге қарастырылған;
Ленгір қаласында модульдік орындауда (күшейтілген металл колонналарымен ағаш қаңқасы) тез салынатын 4 автокөлікке арналған 2 қабатты өрт сөндіру депосының құрылысына 600 000 000 теңге;
Шымкент қаласында модульдік орындауда (күшейтілген металл коланналарымен ағаш қаңқасы) тез салынатын 4 автокөлікке арналған 2 қабатты өрт сөндіру депосының құрылысына 600 000 000 теңге;
ОҚО Шымкент қаласы, әкімшілік-іскерлік орталығындағы 4 автомобильді өрт сөндіру депосы және қосымша ғимаратының құрылысына 818 751 мың теңге қарастырылған. Салынатын құрылыстарға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және оны сараптама жасау үшін 73 657 мың теңге бөлінді.