2017 жылы 25 желтоқсанда өткен облыстық мәслихатының кезекті сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған бюджетте Ішкі істер органдарының объектілерін дамытуына 1, 2 млрд. теңге қарастырылды. Атап айтқанда:
2018 жылы салынатын Сайрам ауданы Ақсукент ауылы Жібек жолы көшесі бойындағы 30 орынға арналған уақытша ұстау изолятор ғимаратының құрылысына 211 838 мың теңге бөлінді.
Ал, 2019 жылы салынатын Сарыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданындағы 200 орындық арнайы қабылдау және көші-қон полициясы ғимаратының құрылысына 1 млрд. теңге қарастырылды. Осы құрылыстың жобалау –сметалық құжаттама әзірлеу және оны сараптама жасау үшін 31 845 мың теңге бөлінді.