2018 жылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қазақстандық отбасыларға 30 миллиард теңге төленеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, жедел ақпарат бойынша, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға 2017 жылы республикалық бюджеттен 24,4 млрд. теңге бөлінді.
Өткен жылы жәрдемақының орташа мөлшері 25 682 теңге болды. Мұндай жәрдемақы 77,3 мың адамға төленді.
2018 жылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға 29 699 теңге немесе өткен жылғы көрсеткіштен 15,6%-ға артық мөлшерде берілетін жәрдемақылар үшін республикалық бюджеттен 29,9 млрд. теңге қарастырылған.
ҚазТАГ.