Шымкент аграрлық колледжі Оңтүстік өңіріндегі ауыл шаруашылық саласына қажетті мамандар даярлайтын іргелі оқу орындарының бірі. Аталған білім ордасы ұлттық бизнес рейтінгісі бойынша Алтын қыран «Сапа көшбасшысы-2015″медалімен, «Білім саласы көшбасшысы-2015» ұлттық сертификатына ие болған. Осыны ескере отырып Қарағанды облысы «Абай» көпсалалы колледжінің оқытушылары өңірімізге келіп, аталмыш білім ошағының студенттері және ұстаздарымен тәжірибе алмасты.
Шымкент аграрлық колледжі ОҚО-дағы ауыл шаруашылығы саласының орта арнаулы кәсіптік мамандарын дайындайтын базалық оқу орны. Бұл білім ошағы 2016 жылы білім және ғылым министірінің бұйрығымен 92 колледждің ішінде біліктілігімен тынылып «Үздік колледж 2016» наминациясымен марапатталған. Бүгінгі таңда білім ұясы жаңа оқыту технологияларын енгізу арқылы кәсіби шеберлігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар дярлау мақсатында 15 мамандық бойынша ізденушілерге біліммен тәрбие беріп сауаттылығын ашуда. Осыны ескере отырып 50 жылға жуық тариқы бар оқу орнына Қарағынды облысындағы «Абай» көпсалалы колледждің ұстаздары тәжрибе алмасу мақсатында арнайы келіпті.
Сонымен қатар, аталған білім ошағындағы студенттерідің жетткен жетістіктерінің өзі бір төбе. Мәселен өткен жылы аймақтағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің ізденушілері түрлі мамандық бойынша сынға түскен. Байқау барысында «Шымкент аграрлық колледж» студенттері үздік шығып «Жыл шебері-2017» наминациясымен марапаталған.
Сондай-ақ «Шымкент аграрлық коледжі» сүт тағамдарының өндірісінеде ерекше көңіл бөлген. Айта кетсек елімізде көп қолданылмайтын ешкі шаруашылығын дамытпақ ниетте аталған оқу орнының мамандары оның сүтін ғылыми жобаға енгізген. Атап айтсақ ешкі сүті- жоғра азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады.
Елбасының «Болашақ жастардың қолында» деген сөзін ұстанатын оқу орны 1600-ден аса түрлі саланың мамандарын даярлау үстінде. Әрдайым сапаға көңіл бөлетін Шымкент аграрлық колледждің ұжымы бәсекеге қабілеттімамандар арқылы әлі талай белестерді бағындырады деген ойдамыз.
Жансая Елемесова