Облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұжымына Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын кеңінен насихаттады. Халық қалаулысы өз сөзінде жаңа Жолдаудағы 10 басым бағыт еліміздің жаңа мүмкіндіктерге жетелейтіндігін айтып өтті.
«Жолдаудағы барлық бағыттарды жүзеге асыру біздің еншімізде. Соның ішінде Жолдаудың жетінші бағытында көрсетілгендей, адами капитал — жаңғыру негізін айқындайды. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екендігін Елбасы ерекше атап өтті. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл — мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет екендігіне басымдық берілген. ондықтан Жолдауда айтылған тек жетнші міндетті емес, барлық басымдықтарға жарқын көзқарас білдіруіміз қажет».
«Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО ойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2012 жылдың қазан айынан бастап осы атауға ие болған. Институтты педагогика ғылымының докторы, профессор Лаура Тұрлыбекқызы Искакова басқарып келеді.
Жиын барысында, Облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Назарбекұлы ұжымда ұзақ жылдардан бері қызмет атқарып келе жатқан, аға оқытушы Қансейітова Жұмакүл Жұмабекқызына мәслихаттың Грамотасын табыс етті.