Әлемнің қырықтан астам мемлекетінде 5 млн-ға жуық қазақ өмір сүріп жатыр.
Мұндай мәліметті қандастарымыздың халықаралық қауымдастығы ұсынып отыр. Соңғы 10 жылда мемлекеттің «Нұрлы көш» бағдарламасының аясында 1 млн-нан астам қазақ тарихи Отынына қайта оралған. Ал Германия, Франция елі – Еуропадағы қазақтардың ең көп шоғырланған жері.
Музыка пәнінің жоғары санатты мұғалімі Жаннат Дәрібаева Германияға 2000 жылдары көшіп келген. Ерен еңбегінің арқасында бүгінде неміс еліндегі елеулі азаматшаның бірі. Қазақтың тағы бір талантты қызы Ботагөз Мұхамеджанды жергілікті халық 30 жылдық өтілі бар дәрігер-дерматолог ретінде жақты таниды. Гамбургтегі қазақтар үнемі бас қосып тұрады екен. «Мұндағы диаспораның басты байлығы – бірлікте», – дейді олар.
Жаннат Дәрібаева, музыка мұғалімі:
— 2007 жылдан бастап скрипка, фортепиано, синтезатор және блокфлейта саз аспаптары бойынша дәріс беремін. Әртүрлі ән мектебінде қызмет істеймін. Оренбург, Бактехайде, Гамбург, Нордерштедт және Билзень қалаларына жұмыс сапарымен жиі барып тұрамын. Берлинде, Гамбургте болғанда міндетті түрде жергілікті қазақтармен бас қосып тұрамыз. Отбасымен ағайындай араласып тұруды игі дәстүрге айналдырып келеміз.
Гамбургтегі музыкалық мектептің басшысы Томас Ласс Жаннет арқылы қазақ халқының тамаша қасиеттерін тани бастағанын айтады. «Оқушымен қатар олардың ата-анасымен тез тіл табыса алатын ұлағатты ұстазды жұмысқа ойланбастан қабылдаған едім», – дейді.
Томас Ласс, Гамбургтегі музыка мектебінің директоры:
— Жан-жақты дарынды, әрі бірнеше музыка аспабында ойнайтын Жаннет жұмысқа бірден қабылданды. Өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайды және неміс балаларымен тез тіл табысып, ата-аналарымен де жұмысты жақсы жүргізіп келеді.
Германияның әр қаласында 3 мыңдай қазақ өмір сүріп жатыр. Диаспора өкілдері берген мәлімет бойынша, 250-ге жуық отбасы түтін түтетіп отыр. Көбісі 90-шы, 2000 жылдардағы ауыр экономикалық жағдай кезінде басқа елді жағалауға мәжбүр болғандар. Алайда қазір көптеген қазақ отбасылары тарихи отанына қайта көшіп баруды көксеп жүр. Соңғы он жылда экономикасы қарқын алып, өсіп-өркендей бастаған өз еліне 1 млн-нан астам адам қайта оралған.
Ботагөз Мұхамеджанова, дәрігер:
— Осы жерде тұратын қазақтар Қазақстанды жақсы жерінен көрсетеміз. Қазақстаннан жақсы білім алдық. Жақсы көретін елімізді қалай сағынбайсың? Қайда жүрсек те сағынамыз. Дәрігер спорт саласының маманы не мұғалім болсын неміс қазақтарына ортақ дүние – отанына деген сағыныш. Олар күнделікті бір-бірімен қазақша сөйлесіп, айына бір рет кездесіп тұруға асық. Төріне Қазақстан туын іліп қояды. Шетелде жүрсе де жүрегі қазақ деп соққан диаспора өкілдері біздің арнамыз арқылы туған еліне сағынышты сәлем жолдайды.
Дереккөз: 24.kz