ОҚО Әділет департаменті бастығының орынбасары Нұрымбетова Салтанат Мұсабекқызы 2018 жылы 17 қаңтарда облыс әкімдігінің ғимаратында Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Есеп кезінде нотариаттық қызметте қандай жұмыстар атқарылғаны бойынша брифинг өткізу барысында Нұрымбетова Салтанаттың хабарламасын назарларыңызға ұсынамыз.
Бүгінгі таңда облыс бойынша нотариаттық қызметпен 474 мекеме айналысады. Жекеше нотариустармен жасалған іс-әрекеттердің саны – 1 262 315. Бір нотариусқа артылатын нотариаттық іс-әрекеттердің орташа айлық жүктемесі -248. Нотариустармен салық ретінде бюджетке аударылған қаражаттардың жалпы соммасы – 432 117 130 теңге. Нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы мен іс жүргізу ережелерінің сақталуына қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің саны -17. Ал лицензиясынан айырылған нотариустардың саны -5. Уақытша қызметін тоқтатқандар саны -7. Әділет департаментінің талап-арызы негізінде 1 нотариустық мекеме сотта лицензиясынан айырылған. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны -30. Оның ішінде 10 ескерту, 19 сөгіс, 1 қатаң сөгіс. Үстінен қылмыстық істер қозғалған нотариустардың саны -5. 2017 жылы нотариустардың іс әрекеттеріне қатысты Әділет департаментіне 51 арыз түскен. Оның негізді деп табылғандары -21. Соттарға, нотариаттық мәлімдемелерді жарамсыз деп тану туралы -97 талап –арыздар түскен. Оның ішінде қанағаттандырылғаны -26, қанағаттандырудан бас тартылған-19, қараусыз қалдырылған -16. Нотариустердің кінәсінен 6 талап-арыз қанағаттандырылған.