ҚР Үкіметі Қаулысымен Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, 2010 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-технолог.
Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. 1991-2010 жылдары аға оқытушы, аспирант, бас маман, кіші, аға ғылыми қызметкер, бас технолог, зоотехник-селекционер болып қызмет етті.
2010-2012 жылдары ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
2017 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрі кеңесшісі болып істеді.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Дереккөз: primeminister.kz