2017 жылды алғашқылардың бірі болып Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаев қортындылады. Әкімнің халық алдындағы есебі Құрсай шағынауданындағы №49 мектепте өтті. Есепті жиынға ауданға қарасты Қазығұрт, Құрсай, Айкөл тұрғын алабының халқы мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, тұрғын үй –коммуналды шаруашылық, көлік және ауыл шаруашылығы секілді бөлімдердің басшылары арнайы қатысты. Абай ауданының әкімі алдымен өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндама жасады. Айтуынша, ауданды санитарлық және көріктендіру жұмыстары аясында 453 қабатты тұрғын үйлердегі 258 аула мен 406 көшенің қоқыстан тазалау мен ирригациялық жүйелеріне 231 млн. теңге қаржы қарастырылып, 5 мердігер компания жұмыс жасаған. Ахмет Өтегенұлы тұрғындарды жылумен қамту, электр энергиясы, ауызсумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған нақты жұмыстарға да тоқталды.
Мәселен, аудан аумағының 76 %-ы сапалы электр жарығымен қамтамысыз етілген. Аудан басшысы ағымдағы жылы Алтынтөбе, Көкбұлақ тұрғын алаптарын табиғи газбен қамту үшін мемлекет бюджетінен қаржы бөлінгенін айтады. Көптің көңілін осылай қуантқан әкімге көкейтесті мәселесін айтып, алаңдаған аудан тұрғындары да бар.. Сондай ақ, бүгінгі жиында депутаттардың да халық арасынан табылғаны көңіл қуантады.
Дегенмен, жекеменшік трансформаторға тәуелді болып оырған елдімекендер де бар. Бүгінгі таңда Самал 1, Құрсай шағын аудандарында бұл түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатуда тындырымды тірліктер атқарылуда дейді әкім. 2017 жылы бюджеттен 6 көшені жарықтандыруға 52 млн.298 мың теңге бөлініп, Қазығұрт шағынауданындағы 2, Қатынкөпір шағынауданында 1, Хамзадағы 3 көшеде тиісті жұмыстар жүрзілмек. Ал ағымдағы жылы Жаңаталап пен Қызылжардың 14 ауласын жарықтандыруға тиісті бөлімдерге ұсыныс беріліп, бюджеттен қаржысы күтілуде екен. Ауданның әлеуметтік жағдайын шешу білікті, тынымсыз еңбекті қажет ететіндігін түсінген тұрғындар тауық жылында ел игілігі үшін атқарылған жұмыстар үшін Ахмет Татыбаевқа алғыс айтты.
Гүлжан НҰРАНҚЫЗЫ