2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап идеологиясы өзгерген, ынталандыру және әкімшілендіруді жеңілдетуге көзделген жаңа Салық кодексі күшіне енді.
Жаңа кодекс бойынша мемлекеттік кірістер органдары тарапынан бақылау жұмыстары барынша азайтылып, салық төлеушілердің міндеттемелерін өз еріктерінше орындауына бағытталған шаралар қабылданды. Ондағы басты мақсат адал салық төлеушілердің мүддесін қорғау.
Салық кодексіндегі негізгі енгізілген өзгерістерге ОҚО бойынша МКД-нің Түсіндіру жұмысы басқармасы басшысының м.а. А.Райымқұловтың түсіндірмесін назарларыңызға ұсынамыз.
Жеке тұлғалар салықтық берешегін жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілгеннен күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарып, бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді. Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.
Бұрын мұндай шара салық органы осы салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгіну арқылы жүргізетін.
Фото: pictastar.com