Шымкентте алғаш рет Оңалту орталығы ашылды. Бұған дейін өңірде неврология дертіне шалдыққан 3 жасқа дейінгі балалардың, еліміздің бас қаласына барып ем қабылдауына тура келген. Облыс әкімі бір күнде екі бірдей Оңалту ортылығын салтанатты түрде ашып берді.
Бірі тірек қимыл қозғалысы бұзылған 3 жасқа дейінгі балғындарға арналған, екіншісі 3-14 жасқа дейінгі балаларды қабылдайтын Оңалту орталығы. Ауруханалар қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. 100 төсек орынға ықшамдалған орталықтарда лагопед, дене шынықтыру, массаж және бассейн бөлімі жұмыс жасайды.
Тіпті тірек қимыл қозғалысын жақсартуға арналған робаттандырылған аппарат та орнатылыпты. Құны 73 млн ды құрайтын құрылғы, Германия елінен арнайы тапсырыспен алынған екен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев, медицина саласындағы бұл жетістік неврология ауруына шалдыққан балалардың дертінен айығып, науқастардың санын темендетуге мүмкіндік беретініне сенімді. Алдағы уақытта қаңтар айында дәрігерлер алыс-жақын шет мемлекеттерге барып, кәсіби біліктілігін арттырып қайтатын да жеткізді.
Айзада Бидан.