Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев Созақ ауданында жұмыс бабындағы сапармен келді.
Сенат депутаты Ә, Бектаев аудан активімен кездесті. Кездесуді аудан әкімі С. Полатов жүргізіп отырды. Кездесу барысында Парламент Сенатының атқарған жұмысына тоқталды. Өткен жылы Парламентте 94 заң қабылданып, 37 заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Еліміз былтырғы жылы толайым табыстарға жетті. EXPO Халықаралық көрмесін өткіздік. Былтыр жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы еліміздің рухани өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата бабамыздан келе жатқан салт дәстүрлердің барлығы рухани жаңғыруда көрсетілген. Осы мақала аясында қаншама тірліктер атқарылды. Мұның бәрі еліміздің өткен жылы жеткен жетісіктері,- деді Әли Бектаев.
Сапар барысанда Шолаққорған ауылында орналасқан индустриялды аймаққа барып, ондағы зауыт жұмысымен танысты. Қатты шланга шығаратын «Благо Лизинг» зауытында болып, өндірілген өнімдерін көрді. Еліміздің индустриялды даму бағытында жұмыстар жасап жатқанын айтқан Ә. Бектаев зауыт жұмысына оң бағасын берді.
Жиын барысынада, тұрғындар депутаттарға бірқатар сауалдар қойып, ұсыныстар айтты. Сенаторлар кездесуде айтылған ұсыныстарды заң шығару жұмыстары барысында назарға алатынын жеткізді.
Ерлан Райымқұлов,
Созақ аудан әкімінің баспасөз хатшысы.