212212

Мемлекет пен Үкімет басшылары Жансейіт Түймебаевтың жұмысын қолдауда

2018 жылы 10 қаңтарда өткен Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясында басқа мәселелермен бірге 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті қаралып, бюджеттің кірісі 478 983 173 мың теңге және трансферттердің түсімі 444 253 506 мың теңге көлемінде бекітілді. Мәслихат сессияларының құжаттарын сараптау барысында трансферттердің түсімі 2014 жылы 254 747,4 млн теңге, 2015 жылы 255 200,0 млн теңге, 2016 жылы 255 819,6 млн теңге және 2017 жылы 368 753,7 млн теңге көлемінде бекітілген болатын. Яғни, 2016 жылдың қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған Жансейіт Түймебаевқа Мемлекет және Үкімет басшылары оның жұмысын қолдау мақсатында  2016 жылдың бюджетімен салыстырғанда қосымша 2017 жылдың бюджетіне 112 934,1 млн теңге трансферт берсе, 2018 жылдың бюджетіне 188 433 906 мың теңге трансферт берген. Осы екі жылдың көлемінде қомақты берілген трансферттер Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік, экономикалық дамуына жаңа серпін береді.

«Айғақ-ақпарат»




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!