img_0781

Кеңесбек Егізбай — Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы

2018 жылдың 10 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының кезекті сессиясында Кеңесбек Егізбайға қатысты ұсыныс қаралып, оған сессия «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдады.

Анықтама:

Кеңесбек Егізбай — 1938 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1960-1972 жылдары аралығында Шымкент облыстық «Қаззовет-жабдықтау» бірлестігінің Сайрам аудандық ветеринарлық дәріханасының басқарушысы болып бастаған, 1972-1973 жылдары Сайрам ауданындағы «Жеңіс» кеңшарында партия комитетінің хатшысы, 1973-1975 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Сайрам аудандық агроөнеркәсіп кешені жұмысшыларының кәсіподағы төрағасы, 1998 жылдан қазіргі күнге дейін «Сансервис» ЖШС директоры болып қызмет атқарып келеді. Сайрам ауданының, Жамбыл облысы, Сарысу ауданының Құрметті азаматы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!