2018 жылдың 10 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының кезекті сессиясында Бекет Тұрғараевқа қатысты ұсыныс қаралып, оған сессия «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдады.
Анықтама:
Бекет Тұрғараев — Қазақстанның Құрметті судьясы.
Ол 1947 жылдың 5-масуымында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Шарапхана ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебін, 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында тағлымдамадан өтуші болып бастаған. 1975 жылы облыстық соттың мүшесі, 1987 жылы Шымкент қаласының Дзержинский аудандық халық сотының төрағасы болып сайланды. 1992 жылдың қаңтарында ОҚО сотының төрағасы болып сайланды. 1996 — 1999 жылдары
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық ақпарат орталығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Соттар қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры. 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы болып тағайындалды. 2012 жылы Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды. Қазіргі уақытта Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің мүшесі.
Атқарған жұмыстарының арқасында «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, медальдармен, «Барыс» төсбелгісімен марапатталған.