Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі — Қағида) сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» акционерлік қоғамы 2017 жылдың 27 қарашасында сатылымға қойылған болатын.
Жарияланған хабарламаға сәйкес, тендер 2017 жылғы 26 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00 — да www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі — тізілім) өткізілді.
Сатылатын акциялардың мемлекеттік пакетінің мөлшері, жарғылық капиталдан % және акциялар саны: 100 %, 2 924 676 жай акцияларды құраған.
Бастапқы бағасы: 2 206 058 500 теңге
Кепілдік жарна: 68 070 000 теңге
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес республикалық меншіктегі денсаулық сақтау саласындағы 5 объекті, оның ішінде 2 ірі объекті 2017 жылғы желтоқсанда сатылып отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің сайтында жазылған. Сатылған нысандардың жалпы соммасы 18 246 млн. тг. құрады. Ал, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» АҚ, сату бағасы – 3 040 млн.тг., негізгі қызмет бейінін 10 жыл ішінде сақтау шартымен тендер нысанындағы сауда-саттықта сатылды.
Анықтама: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы (бұрынғы ОҚММА) бүгінгі таңда фармацевтика саласындағы мамандарды дайындайтын жетекші мемлекеттік жоғары оқу орны болып табылады. Академия 2006 жылдың маусымында халықаралық «National Quality Assurance Limited” (NQA) компаниясы тарапынан сертификаттау аудитінен өтті. Соның нәтижесінде ISO 9001:2001 стандартына сәйкестігі жөніндегі №21235 халықаралық сапа сертификатын алды. 2009 және 2012 жылдары ОҚМФА МС ИСО 9001:2008 стандарт талаптарына сәйкестігі жөнінде қайта сертификаттаулардан сәтті өтті.
ҚР мемлекеттік қаражаты есебінен ОҚМФА 2011 жылы ғылыми-ғылыми техникалық қызмет конкурсына қатысуға арналған ғылым бойынша акредиттеуден өтті, куәлік сериясы МК №001797, 2011ж. 22 тамыз аккредиттеу туралы.
Академия 2013 жылы күзде БСҚТҚА-нен институционалдық аккредитациядан сәтті өтіп, 06.01.2014 ж бекітілген, тіркеу нөмірі IA №0024 куәлігін алды.
Қазіргі кезде ОҚМФА-да фармацевтикалық және медициналық профиль бойынша бакалавриат, магистратура және резидентура деңгейіндегі жоғары білімді мамандар дайындалады. Сонымен қатар интернатурада білім беру жүргізіледі. Жоғары оқу орнындағы Техникалық және кәсіби білім беру факультетінде фармация мен медицина саласының орта кәсіби білімді мамандары дайындалады.
«Айғақ — ақпарат»