«Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы болып Ербол Шорманов тағайындалды, деп хабарлады «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ қоғаммен байланыс департаментінен. .
«Е. Шорманов ҚР ұлттық экономика министрлгіі атынан жалғыз акционер шешімімен «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды», — делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұжымға жаңа басшыны таныстырып, компания қызметінің бірқатар бағытын анықтап берді.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Астана Экспо-2017» ҰК ары қарай жұмыс жасай береді және жауапкершілігі зор міндетті атқарады. Биыл цифрлы Қазақстанның маңызды элементтері ретінде өз жұмысын АХҚО мен IT-стартап технопаркі бастайды», — деп атап өтті министр.
49-жасар Е. Шорманов әр жылдары ҚР кеден органдарында, Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
2015 жылдың 20 тамызында ол «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған. .
Еске салсақ, «Астана Экспо-2017» ҰК» басқармасының бұрынғы төрағасы Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқарды