Щалқыма шабытты ақын Шалқар Әбішұлы 74 жасына қараған шақта дүниеден өтті.
Қыстаубайтегі Шалқар Әбішұлы 1944 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Борлысай әкімшілігіне қарасты Қошқар-Ата ауылында дүниеге келген.
Ол 1961 жылы Шаяндағы он жылдық мектеп-интернаты, 1963 жылы Шымкенттегі кооперативтік сауда техникумын бітіргеннен кейін, сауда саласында қызмет етеді. Жастайынан аудан, қала облыс көлеміндегі сауда саласының әртүрлі мекемелерінде басшылық қызметтерін үзбей жасап Кеңес Одағы бойынша сауда саласының үздігі атанады. Мәскеудегі Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінің (ВДНХ) қола медалінің иегері, Қошқар-Ата ауылы мен Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы».
1992 жылдан бастап Шымкент қаласындағы, Орта Азия мен Қазақстан Республикасы бойынша тұңғыш рет негізін қалаған «Аштықпен емдеу орталығына» басшылық жасайды.
1999 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болған. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
Шалқар Әбішұлы өмірлік серігі Мәрия Асанқызы екеуі 2 ұл, 3 қызды тәрбиелеп өсіріп, немере мен шөберелер тәрбиелеген абыз ақсақал еді.
Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 09 қаңтар, 2018 жылысағат 11:00-де өз шаңырағында өтеді.