01

Рухани жаңғыру жырымның басты арқауы

 Батырбек Өтепов атындағы ақындар мектебінде «Елбасы – елдің тірегі» тақырыбында оқушылар арасында аламан айтыс өтті. 7-ші рет өткізіліп отырған ақындар бәйгесіне үміткерлер облысымыздың барлық аудандарынан қатысты. Айтыста тұрақты түрде жыл сайын от ауыз орақ тілді, қазақтың арқалы айтыскер ақын қызы Әселхан Қалыбекова әділқазылық етеді.

02

Қажмұқан Абзаловтың жүргізуімен өткен жыр додасында ақындар Елбасымыздың сарабдал саясаты мен кемел бағдарын жан-жақты қаузап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Аламан айтыста 20 ақын 10 жұпқа жіктеліп екі айналым бойынша бақ сынасты. Арасында ақсап жатқандар да болды. Дегенмен, қалың көрерменнің алдына шығып өз ойын өлеңмен жеткізудің өзі жеткіншек балалар үшін ерлікпен пара-пар.

01

 Бәйгенің  көркін кіргізген  екі ақынымыз болды. Олар Шымкент қаласынан Аман Рахат пен киелі Отырар ауданынан Баянбай Ахметрасулдай жасөспірім жігіттер. Өздерінің биік ой-өрісімен еңселі еліміздің бүгіні мен болашағын жырға қосып үлкен өнер мерекесін көрерменге сыйлады.

05

Байқаудың қорытындысы бойынша бәйгенің бас жүлдесін қанжығасына байлаған Отырар ауданы Т. Ибрагимов атындағы ЖОМ түлегі Баянбай Ахметрасул қанжығасына байлады. Бірінші орынды Шымкент қаласының «Өнер» мектебінің түлегі  Аман Рахат, екінші орынды Шермахан Ақжан мен Нұрдәулет Өмірбек, ал үшінші орынды Сатыпалды Еркебұлан, Ибадуллаева Мөлдір, Мақсұт Нариман иемденді. Өзге ақындар да сый-сияпатсыз қалған жоқ. Оларға арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

Жансая Елемесова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!