Парламент Мәжілісінің депутаты халықпен кездесті | "Айғақ" ақпараттық порталы
02

Парламент Мәжілісінің депутаты халықпен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Уалихан Қайназаров пен облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш Абай ауданына қарасты Жаңаталап елдімекенінің тұрғындарымен кездесті. Аймақтың халқы депутатарға толғандырған мәселе мен өтініш тілектерін жеткізуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ,басқосуда Елбасы жүктеген міндеттер мен жақында қабылданған жаңа заң жобалары халыққа кеңінен түсіндірілді.

0

Аумағына 12 тұрғын үй алабы мен 21 шағынаудан кіретін Абай ауданында соңғы жылдары атқарылған жұмыстар жетерлік. Дегенмен,  көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдар да жоқ емес. Төлеген Тәжібаев атындағы  №81 жалпы орта мектепте өткен кездесуде , тұрғындар депутатар мен әкімдік басшылығына талап тілектерін жеткізді.

00

0001

051

Абай ауданының аумағына кезінде Сайрам ауданынан қосылған елдімекендер мен оралман қандастарымыздың орналасқан аймақтары кіреді. Бастапқыда  үйлер  заңсыз салынғандықтан , бүгінде олардың тиісті құжаттары да жоқ. Алайда әкімшілікке келіп түскен арыз талаптардың артуына байланысты,  оларды заңдастыру жұмыстары қолға алынып, тиісті шаралар  жүзеге асуда. Дегенмен кезекті кездесуде тұрғындар тарапынан дәл осы мәселеге қатысты тағы да сауалдар туындады.

042

img-20180104-wa00111

Өз кезегінде ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Уалихан Қайназаров елімізде қабылданған жаңа заң жобаларын халыққа кеңінен түсіндірді. Оның айтуынша Парламент тарапынан 44-жаңа заң жобасы ұсынылса , Елбасы оның 27-сіне қол қойып , мақұлдаған.

Облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш,  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес әлеуметтік салада атқарылған жұмыстардың легін  баяндады. Тұрғындардың бұған дейін де көтерген  өзекті мәселелері назардан тыс қалмақ емес. Халық қалаулысы аймақ жұртшылығының бірқатар сауалдарына да жауап берді.

001

031

01

4-01-17-ssh

02 

Тұрғындардың  талабы мен тілегі – биліктің басты назар аударатын бағыты. Елбасы жүктеген міндеттер мен бағдарламалардың басым бөлігі де халыққа тиімді жағдай жасауды көздейді. Аталған кездесу де  дәл осы мақсаттың маңыздылығын ескерді. Айта кетейік, Парламент депутатарының өңірлерге сапары енді қаңтар айының соңына дейін жалғасатын болады.

Жомарт Бегімбет

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!