stream-still007

Оңтүстікте жаңа жылда қанша сәби дүниеге келді?

Бала туу көрсеткіші жоғары Оңтүстікте Жаңа жылды қарсы алған түні 300 нәресте дүние есігін ашты. Дәрігерлердің айтуынша, барлық ана мен баланың денсаулығы өте жақсы. Перинаталды орталық қызметкерлерінің айтуынша күндіз-түні бақылауда ұстап, қажетті көмектерін көрсеткен. Бір ғана №2 облыстық перинаталдық орталықта 30 нәресте туылған. Олардың 13 ер бала болса, 17 қыз бала. Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту мен қорғау мемлекеттің басты назарында. Сол себепті де жасалынып жатқан шаруалардың барлығы елдің демографиялық өсуіне бағытталып отыр.  Өз туғандарын ит жылында қуантқандардың бірі – Шымкент қаласының тұрғыны Ажар Сұлтан. Бұл Ажардың алғашқы перзенті. Салмағы 2 келі, 900 грамм болып дүниеге келген нәресте Балым ата-әжесін зор қуанышқа кенелтіп отыр. Жас ана аналық сезімімен бөлісті.

stream-still008

— Нәрестемді бауырыма басқан сәтті барлық қиындықты ұмытып кеттім. Қыз балаға жарық дүние сыйлағаныма өте бақыттымын. Құшарланып, мейіріммен емізіп, оның иісін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ол ерекше сезім. Барлық әйел затына ана бақытын тілеймін, — дейді Ажар Сұлтан.

stream-still006-№2 Облыстық Перинаталдық орталығының дәрігер-неонатологы Күлайхан Ешенқұлованың айтуына қарағанда барлық аналардың жағдайы жақсы. Қазіргі таңда бір тәуіліктен соң үйлеріне шығарамыз. Бұған аналар толық бейім. Айта кетейік, дәл осы перзентханада 2017 жылы 6405 сәби дүниеге келіпті. Олардың 125 егіз, ал 1 – үшемдер. Ал, 2016 жылы 7233 нәсерте туылған, оның 122 егіз болса, 3-үшемдер. Биыл керісінше демографиялық өсім азайғандғы байқалып отыр. Десе де перзентханада ана мен балаға барлық жағдай жасалған дейді дәрігер.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!