Тарихта алғаш рет Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуді бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңеске төрағалық ету мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған айдың 31 жұлдызына дейін жалғасады.
ҚР ІІМ-нің хабарлауынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері 2 қаңтар күні осы айда қай мемлекеттің төрағалық ететінін қарастырып, кейін тағайындайды.
«Қазақстан бастамасымен, Қауіпсіздік Кеңесінде алғаш рет Кот-д’Ивуар, Кувейт, Нидерланды, Перу, Польша және Экваторлық Гвинея сынды мемлекеттердің туын орнату ресми шарасы өтеді. Аталған мемлекеттер БҰҰ-ның алдағы екі жылдағы уақытша мүшелері болып таңдалды», — делінген сайтта.