Жаңа жыд мерекесі қарсаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының Әл-Фараби алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге «Өрлеу» бағдарламасы аясында несие алып кәсібін ашқан азаматтар да бұл күнгі шараға өздерінің өндіріп жатқан тауарларын ала келген. Жеңілдетілген бағада яғни базар нарқынан 20-30 пайыз төмен бағада саудаланған өнімдерді сатып алуға жиналған көпшіліктің де бұл күні қарасы қалың. Мерекелік көңіл күйде концерттік бағдарламаларға ұласқан жәрмеңкені облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы аралап көрді.
Бұл күні облысымыздың әрбір аудан қалаларынан жеткізілген жалпы мөлшері 270 тоннадан астам азық- түлік тауарлары Шымкент қаласының тұрғындары үшін жергілікті нарықтан төмен бағада саудаланды. Мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдері арасында азық-түлік тауарларының түр- түрі бар. Оған қоса мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз кәсібін ашқан азаматтардың да тоқыма бұйымдарынан бастап жеңіл өнеркәсіп саласындағы заттары ұсынылған. Осы ретте жәрмеңкені арнайы аралап көрген ОҚО-ның әкімі Жансейіт Түймебаев сатушылармен жүздесіп мұндағы нарықты бағамдап көрді. Ал таңертеңмен жәрмеңкеге келіп арзандатылған бағада сатылған сапалы тауарларды сатып алуға асыққан тұрғындардың қарасы қалың.
Ағымдағы жыл Облыстың ауыл шаруашылығы үшін табысты жыл болды. Яғни бұл саладағы жалпы өнім көлемі 497,8 млрд тенгені құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,7 млрд тенгеге жоғары. Ал шаруалар қауымының еселі еңбектері арқасында 1,3 млн тонна бақша дақылдары жиналса, 963 мың тонна көкөніс, 293 мың тонна картоп жиналған. Сондай-ақ ОҚО озық технологияларды қолдануда елімізде көш бастап тұр. Ал ауыл шаруашылығы кооперативтері саны жөнінен де жоғары жетістікке жетіп отырған аймағымызда шаруалар үшін арнайы дайыдалған сүт қабылдау мал сою пункттерінің түрлі үлгілері де көрмеге ұсынылған. Ал «Оңтүстік» АИО арқылы осындай қондырғыға қол жеткізген кооперативтердің 50 пайыздық шығыны мемлекет тарапынан төленеді. Сондықтан бұл бірінші кезекте шаруалар үшін тиімді болып отыр.
Жалпы бұл күнгі жәрмеңкеге барлық аудан қалалардан 60 тоннаға жуық ет өнімдері мен 5 тонна балық, 12 тонна шұжық 8 тонна сүт өнімдері содай ақ өзг де азық түлік тауарлары әкелінген. Айталық аграрлы аймақтардың бірі саналатын Төлеби ауданының шаруалары да бұл жәрмеңкеге қомақты үлес қосып алма қызанақ, және сүт өнімдерін ала келген. Яғни бірнеше ауыл округінен жинақталған сапалы өнімдер бұл күні арзандатылған бағада саудаланып жатты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне негізінен ет өнімдерін әкеліп ұсынған Ордабасы ауданының сөрелерінде құс еттерінің де бірнеше түрі саудаланып жатты. Биыл шаруашылықтың түрлі бағыттары бойынша еселі өнімге қол жеткізген аймақ дихандарының өнімін сатып алуға келген тұрғындардың саны молынан болды. Ал мерекелік шараға келген қонақтарды аудан өнерпаздары концерттік бағдарламаларымен көтеріңкі көңіл күйде қарсы алды.
Бұл жәрмеңке жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылғандықтан мерекелік нақышта өтті. Шара концерттік бағдарламамен әрленіп, келген қонақтарға да ерекше әсер силады. Ал қолайлы бағда ұсынылған тауарларды сатып алуға келген қала тұрғындары жәрмеңке ұйымдастырушыларын өз алғыстарын білдіріп мерекелік құттықтауларын айтып жатты.
Халыққа тиімділігі мол мұндай жәрмеңкелерді тұрақты түрде өткізіп отыруды ұсынған облыс әкімі бұл тұрғыда сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Ендігі жерде бұған дейін Қажымұқан стадионы аумағында әр аптаның сенбі күндері ұйымдастырылып келген жәрмеңке енді Әл-Фараби алаңында да тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.
Абай Омар