Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Айдар Байысбековпен сұхбаттасу барысында 2017 жылы 25 желтоқсанда Бәйдібек аудандық мәслихатының кезекті сессия өткендігі, ол сессияда 2018 жылға арналған бюджетті бекіту, аудандық мәслихат хатшысының есебі, аудандық мәслихат хатшысының баяндамасы және аудандық мәслихаттың 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы мәселелер қаралғандығын айтып, сессияның қорытындысы бойынша хабарлама жасады.
Сессияда аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Тұрымбекова 2018 жылға арналған аудан бюджетінің көлемі 12 238 021 мың теңгені құрау керектігі туралы ұсынысы қолдау тапты.
Егер ауданның 2013-2018 жылдарға арналған бюджеттерінің көлемін салыстырып, сараптағанда аудан бюджетінің елеулі өсімі байқалады. Атап айтқанда:
2013 жылы аудан бюджетінің 5 898 595 мың теңге көлемінде бекітілсе;
2014 жылы аудан бюджетінің көлемі 6 639 765 мың тенге;
2015 жылы аудан бюджетінің көлемі 7 515 975 мың тенге;
2016 жылы аудан бюджетінің көлемі 8 720 912 мың тенге;
2017 жылы аудан бюджетінің көлемі 12 192 778 мың теңге;
2018 жылы аудан бюджетінің 12 238 021 мың теңге көлемінде бекітілген.
2018 жылғы бюджетті 2013 жылғы бюджетпен салыстырғанда 6 339 426 мың теңгеге өссе, ал 2014 жылғы бюджетпен салыстырғанда 5 598 256 мың теңгеге, 2015 жылы — 4 722 046 мың теңгеге, 2016 жылы — 3 517 109 мың теңгеге және 2017 жылы — 45 243 мың теңгеге өскен.
Облыс әкімі Ж.Түймебаев Бәйдібек ауданының экономикалық әлеуметтік ахуалын ескеріп, өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында және мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру үшін аудан бюджетінің өсуіне ықпал жасағанына байланысты ауданның депутаттары ризашылығын білдіреді.
Сонымен қатар, аудан аумағында облыстық бюджеттің есебінен төмендегі нысандардың құрылыстарына тиісті қаражат бөлінді. Атап айтқанда:
Түйетас ауылындағы 150 орындық Б. Момышұлы атындағы, Бәйдібек ата ауылындағы 150 орындық Ақтау, Тұрақты ауылындағы 150 орындық Жүнісбеков атындағы, Бөген ауыл округі Сарқырама ауылындағы 150 орындық «Орманов» атындағы мектептерінің құрылысына;
Шаян ауылындағы 20 пәтерлі бір, аудандағы 35 пәтерлі екі және 45 бір пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлердің құрылыстарына;
Ақтас, Қошқар ата, Кеңсай елді мекендердің магистралды суаққысының, Боралдай, Теректі, Қаратал елді мекендерінде магистралды суаққының, Бөген ауылдық округі Екпінді елді мекенінің су өткізгіштер тораптарының, Бөген ауылдық округі Жиенқұм елді мекенінің су өткізгіштер тораптарының, Көктерек ауылдық округі Бірлік елді мекенінің су өткізгіштер тораптарының, Боралдай елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ тораптарының, Ақбастау ауылдық округі Ақбастау елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ тораптарының, Бөген ауылдық округі Бекбау және Шалдар елді мекендеріне жеткізуші және ішкі газ тораптарының, Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл елді мекенінде жеткізуші және орамішілік газ желілерінің құрылыстарына;
Боралдай ауылдық округі Жыланды, Түйетас, Амансай, Талап, Сарыбұлақ елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз етуіне;
Көктерек ауылдық округтерінің Ынтымақ елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуіне;
Бөген ауылдық округі Жиенқұм елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуіне;
Ақбастау ауылдық округі Ақбастау, Жолғабас, Тұрақты елді мекендеріне жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылыстарына тиісті қаражат бөлінді.
Аталған құрылыстардың аяқталу мерзімдері 2018-2019 жылдарына белгіленген.
«Айғақ»-ақпарат.