«Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында «Бөрте Милка» ЖШС-ның директоры Нұралы Әбішев «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
«Бөрте-Милка» кешенді фермасы айына 27 тонна сүт өндіреді. Сиырларды сауыншы емес кәнігі құлтемір сауады. Былтыр әкелінген 408 бас сүтті көп беретін асыл тұқымды Голштиннің дені төлдеген. Жергілікті кәсіпкер қолға алған құны 3 миллард теңгелік жоба толық қуатында жұмыс істесе тәулігіне 50 тонна өнім өңделеді. Қорадағы қара-ала сиырларды құлтемірге ешкім мәжбүрлеп айдап бармайды. Соған қарамай алты бірдей сауын станогының алды ұзын-сонар кезек. Өйткені автоматты қондырғы әр сиырдың берген сүтіне қарай жем береді. Яғни, көбірек сүт берсе көбірек жем жейді. Бір қызығы желіні толмаған сиыр құлтемірге жіберілмейді. Оның барлығын сиырға орнатылған электронды қондырғы реттеп отыратын көрінеді.