Қазақстанның жұмыспен қамту қызметіне тіркелген жұмыссыздардың саны екі есеге дейін артты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.
Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған статистикаға сәйкес, 2017 жылдың қарашасында ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 125,9 мыңға жетті. Ол экономикалық белсенді тұрғындардың 1,4%-ын құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш екі есе аз, 64,6 мың адам (0,7%) болған.
Еуразиялық экономикалық одақта жұмыссыздардың жалпы саны 6,5% қысқарып, 1 млн адам болды. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенді тұрғындардың 1,1%-ын құрайды.
Бірақ Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне қарай жұмыссыздық деңгейі 5,4% құрады (2017 жылдың ІІ тоқсаны). Оның ішінде Арменияда – 17,8% (2017 жылдың ІІ тоқсаны), Беларусияда – 5,8% (2016 жыл), Қазақстанда – 4,9% (2017 жылдың ІІ тоқсаны), Қырғызстанда – 7,2% (2016 жыл), Ресейде – 5,0% (2017 жылдың ІІ тоқсаны).