Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Сергей Терещенко Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы» атанды.
Ол Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Шымкент облысының партия Комитетінің бірінші хатшысы, облыстық халық депутаттары Кеңесінің Төрағасы қызметтерін атқарған.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы Қазақстан Республикасы Үкіметін басқарған.
Зейнеткерлікке шықаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік саласын дамытуға үлесін қосып, қоғамдық өмірде белсене қатысып жүрген қоғам қайраткері.