Дінмұхаммед Ыдырысов Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы» атанды.
Дінмұхаммед Ыдырысов Арыс қаласында дүниеге келген елімізге белгілі кәсіпкер-меценат. Ғылым саласында елеулі өзгерістерге қол жеткізген 2 монография, 40-қа жуық ғылыми еңбектер, соның ішінде 4 авторлық куәлік пен патенті бар. Техникалық ғылымдардың докторы.
Ол еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамытуда еңбегі зор. Яғни, «Алма — Ойл» және «Ордабасы» ЖШС ұйымдастырып басқарған. Сонымен қатар, «Қазақстан Темір жол» ҰҚ» АҚ-ның атқарушы директоры қызметін атқарған. 2010 жылдан бастап, «Maten Petrolium» АҚ директорлар кеңесінің Төрағасы және «Ордабасы Групп» ЖШС-нің бақылаушы Кеңесінің төарағасы қызметтерін атқарып жүр.
Кәсіпкерлікте және қызметте жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Отбасында үлгілі жар, жеті баланың тәрбиелеп отырған әке.