Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Назарбаев өзінің Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысының әр түрлі саладағы 14 маманды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттады. Атап айтқанда:
Абуова Күлбала Елбайқызы — «Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» МКҚК әртісі, Шымкент қаласы;
Арысбеков Серғазы Ақтөреұлы — «Түркістан қалалық Мәслихат аппараты» ММ сайлау комиссиясының төрағасы, ОҚО;
Бұхарбаев Тасқын Құрманқұлұлы — «Сайрам аудандық ауыл шаруашылық бөлімі» ММ бас маманы, ОҚО;
Білісбаева Ләззат Орынбасарқызы — «Созақ аудандық орталық ауруханасы» МКК аға дәрігері, ОҚО;
Дәрменбаев Төлеген Дүйсенбіұлы — Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі, ОҚО Бәйдібек ауданы;
Ештай Берік Алпанұлы — Тасты ауылдық округінің әкімі, ОҚО Созақ ауданы;
Жаймырза Әбдіхалық Нұрмаханұлы — «Отырар ағын су» МКК директоры, ОҚО;
Ким Татьяна Елисеевна — «Кентау қалалық емханасы» МКҚК мейірбикесі, ОҚО;
Корчагина Светлана Петровна — «№8 В.Комарова атындағы жалпы орта мектебі» КММ мұғалімі, ОҚО Арыс қаласы;
Құрбанбаев Күмісбек Әбиұлы — «Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ директоры, ОҚО;
Махатай Гауһар Олжабекқызы — «Төлеби аудан әкімдігінің «Айсұлтан» балабақшасы «МКҚК әдіскері, ОҚО;
Молдақұлова Роза Амангелдіқызы — «Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маман-есепшісі, ОҚО;
Саудашова Айдын Сатымбекқызы — «Ордабасы аудандық емханасы» МКҚК аға дәрігері , ОҚО;
Тұрсынқұлов Серік Алтынбекұлы — ОҚО Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары.