dji_0001-mov-00_00_04_00-still001

Журналистік зерттеу

Күні кеше «Айғақ» арнасының шығармашылық тобы журналистік зерттеу жүргізіп, Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданында болып қайтты. Бұл сапардың мақсаты редакциямызға Ресей Федерациясынан келген хаттың аясында болатын. Хатта «Память» іздестіру тобының жетекшісі Александр Кузнецов, майор Феодр Лентьевич Еськовтың туыстарын іздеп табуға көмек сұраған. Екінші дүниежүзілік соғыста ұшқыш болған жауынгер, 1943 жылдары апатқа ұшырап, іс-түссіз кеткендердің тізіміне енген. Міне сол ұшақтың құлаған жері белгілі болып, қазір туыстарына іздеу жарияланып отыр. Әзірге Ресей еліндегі архивтерден табылған тек бір ғана дерек бар. Яғни, ұшқыш жауынгердің жұбайы Жуалы ауданына қарасты Көлбастау елді мекенінде тұрған деседі. Айта кетейік, аталған аудан 1951 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында болып келген. Осыған байланысты біздің шығармашылық топ арнайы көрші облыстағы Жуалы ауданына барып, ондағы көнекөз қариялардан мәліметтер сұрастырып қайтты. Әзірге зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

mvi_8991-mp4-00_00_00_09-still001

Негізі Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы  Батыс Қытай-Батыс Еуропа автожолдың бойында орналасқан. Дәл осы ауылға кіреберіс қақпа жанында шөгіп жатқан түйенің мүсінін көресіз. Жол бойына түрғызылған Ойсылқара түлігінің келбеті жолаушыларды таңдандырмай қоймайды. Мұны жергілікті жұрт «Дала кемесі» деп атайды екен.

sequence-01-00_31_31_24-still001

Түйенің бұл маңда орналасуының астарында үлкен мән бар.  Асан қайғы бабамыз Жерұйықты іздеп, Желмаясымен жортып жүріп Жуалы жерін көргенде «шөбің семіз, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер. Басқаның бәрін қисаңда, Жуалыны қимайсың, өңгеріп алып кетер ем, ат сауырына сыймайсың» деп тамсаныпты деседі. Кезінде Жібек жолының бойымен жүріп өткен керуеннің Жуалы жеріне аялдағаны туралы да дерек бар. Міне, осындай тарихпен байланысып жатқан алып мүсіннің биіктігі 5 метр, ұзындығы 10 метр. Әрі-бері өткен жолаушылар үшін шөккен түйе менмұндалап тұр.

Бағлан Байкөбекқызы

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!