22 желтоқсан — Энергетика саласы қызметкерлерінің кəсіби мерекесі. Экономиканың негізгі бағыттарының бірі саналатын сала мамандары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика мен өндіріс өнімдерін жаңғырту бойынша ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған міндеттерін жүзеге асыруға зор үлес қосуда. Энергетика мамандары халық пен кәсіпорындарды жылумен, электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру үшін аянбай еңбек етіп келеді. Ендеше, қоғамға аса қажетті мамандық иелерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
АРМАТУРА БАҒАСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА
Елімізде арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс жасайды Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтірудегі қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады. Ағымдағы...