Оңтүстік Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты Алматы-Ташкент-Термез бағыты жабық, деп хабарлайды Otyrar.kz.
«Алматы-Ташкент-Термез бағыты жабылды. Мұның себебі — көктайғақ. Жол 22 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 2.00-ден бастап жабылды», — деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінен жұмада.
Құтқарушылар аймақтық маңызы бар жолдарда абай болуға шақырады, метеорологтар ОҚО-да қатты тұман туралы ескертеді.
«Тұман кем дегенде бір күнге созылады», — делінген хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, елдің оңтүстігінде тұман мен көктайғақтан басқа, 22 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.
Дереккөз: ҚазТАГ