2017 жылдың 20 желтоқсан күні сағат 10:15-те Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің ведомствоаралық тергеу тобы ҚР ҚК 297, 361-баптары бойынша қылмыс жасағандарды ұстады.
2017 жылдың 20 желтоқсан күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің ведомствоаралық тергеу тобы Қапшағай қаласы АІІБ алты офицерін заңсыз есірткіге қол жеткізіп, оны сақтағаны үшін ұстады.
«ҚР ҰҚК Алматы облыстық департаменті және облыстық прокуратура қызметкерлерінің бірлескен тексеру кезінде қапшағайлық тәртіп сақшыларының есірткі сатумен айналысқан азаматтарды қорғап-қолпаштағаны анықталды. Жедел тексеру нәтижесінде 2017 жылдың 20 желтоқсанында Қапшағай қалалық ІІБ 4 қызметкері ұсталды. Оларға ҚР ҚК 297, 361-баптары бойынша айып тағылып отыр. Сондай-ақ, есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен тағы екі азамат ұсталды. Олардың үстінен ҚР ҚК 297-бабы бойынша іс қозғалды», — деп мәлім етті Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Іс арнайы прокурорлар өндірісінде. Бұл іс бойынша процессуалды прокурор белгіленді. Басқа да мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жарияланбай отыр.
Дереккөз: Baq.kz