2017 жылғы 19 қыркүйектен бастап Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында «Е-Қылмыстық іс» жобасы пилоттық режимде жүзеге асырылуда.
Аудан әкімдігінің көмегімен тергеушілер, анықтаушылар және процесс прокурорлар қажетті жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етіліп, олардың электронды форматта жұмыс дағдыларын меңгеруі бойынша жұмыс жүргізілді.
«Е-Қылмыстық іс» жобасы пилоттық режимде еліміздің бірқатар өңірлерінде, соның ішінде а.ж. қыркүйектен бастап Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында іске асырылуда.
Аудан әкімдігінің көмегімен тергеушілер, анықтаушылар және процесс прокурорлары қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Олардың электронды форматта жұмыс істеу тәсілдерін игеруі бойынша жұмыс атқарылды.
Жоба аясында Түлкібас аудандық ІІБ 193 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді электронды форматта бастады, оның 15 аудандық сотқа жолданды және 11 қаралды.
Аудан прокуратурасымен қылмыстық істер бойынша 18 жазбаша нұсқау электронды форматта берілді.
Бұдан бөлек, тергеу судьясымен санкциялау туралы 10 өтінішіхат электронды форматта қаралды (күдіктіні күзетпен ұстау — 4, алу жүргізу – 5, мүлікке тыйым салу — 1).
Пилот дәлелдемелерді жинау және процестік құжаттарды жасау рәсімдерін едәуір жеңілдетуге, тергеу органдары және соттың материалды шығындары мен жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді.
Істерді қарау мерзімдері айтарлықтай қысқарды: теріс қылықтар орташа алғанда 6 күнде (ал Қылмыстық процестік кодекстің 529-бабына сәйкес ұзартуды қоса алғанда қарау мерзімі – 1 айға дейін), сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру – 11 күнде қаралды (ҚПК 382-б. сәйкес – 20 тәулікке дейін).
Төрешілдік пен қағазбастылық азайып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің айқындығы және қылмыстық процеске қатысушылардың құқықғын қорғау деңгейі артуда.
Жалпы, Түлкібас ауданында жобаны іске асыру қылмыстық процестің жаңа моделінің тиімділігін көрсетті.
Сонымен бірге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында аудандық полиция ғимаратында бейне камералармен жабдықталған, жауап алуға арналған айқын тергеу кабинеті ашылды.
Кезекші прокурордың кабинеті аудандық ІІБ ғимаратының кіре берістегі кезекші бөлімшесіне қарама-қарсы орналасқан.
Сол жерде тергеу іс-әрекеттерін онлайн режимде көрсететін телемонитор орнатылған.
Күдіктілер мен жеткізілген тұлғалардың жақын туыстарына жүргізіліп жатқан тергеу іс-әрекеттерін онлайн режимде сырттай бақылап қарауға мүмкіншілік жасалды.
Бұл конституциялық құқықтардың бұзылуын болдырмауға және бұзылған жағдайда дереу тоқтатуға мүмкіндік береді.
Жаңашыл өзгерістерді халық оң қабылдауда.