Қолданыстағы Заңға сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында жеті мемлекеттік саяси қызметтің лауазымы бар. Олар: облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыс әкімінің орынбасарлары және Шымкент қаласының әкімі.
2013 жылдың 27 мамыр күні Елбасының және Шымкент қаласы мәслихат дептаттарының келісімімен Д.Сатыбалды Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Осы мемлекеттік саяси лауазымды екі жыл абыроймен атқарғаннан кейін 2015 жылы 19 тамызда ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Д.Сатыбалды облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағйындалды.Яғни, бас-аяғы 4 жыл абыроймен мемлекеттік саяси қызметші лауазымын атқарды. Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды шетелге оқуға кетуіне байланысты отставкаға кету жөнінде жазбаша өтінішін білдірді. Обыс әкімі Ж.Түймебаев Д.Сатыбалдының отставкасын қабылдады.
Дархан Амангелдіұлының қызметтік әріптестері оған төмендегідей баға берді.
Д.Сатыбалды қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етті, облыс тұрғындарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдады. Мемлекеттік, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұрды. Азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытты. Сондай-ақ, ол өзін беделді және білікті маман екенін көрсетті.
Ол бар білімін, тәжірибесін қала мен облыстың мүддесін қорғауға арнаған, әріптесіне сенімді басшы бола білді.
Айта кететін жайт, киелі деп саналатын Оңтүстік өңіріне қызмет бабымен ауысқаннан кейін ұлды болған еді.
«Айғақ»-ақпарат.