Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Арыс қаласына барды.
Сапар аясында аймақ басшысы шұбат өнімін пластикалық ыдыстарға құю цехының жұмысымен танысты. 2017 жылы іске қосылған «Желмая» цехы тәулігіне 1,5 тонна дайын өнім өндіруде. Жоба құны — 40,0 млн. теңге. 2019 жылы цехта түйе сүтінен йогурт өнімін өндіріп, сауынды түйелерін 400 басқа дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Мұнан кейін, облыс әкімі Арыс қаласындағы балабақшаға атбасын бұрды.