Құрметті Дулат Назарбекұлы!
Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесі — бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын.
Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
Бостандық пен еркіндіктің бастауы іспетті осы күнде Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, игілік пен бақыт тілеймін!
Ізгі ниетпен, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор — Бас редакторы
Абай Балажан