Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!» мерекелік іс-шарасында мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін оңтүстікте 74 азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.
Солардың ішінде, Облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығының бас дәрігері Шолпан Мырзахметова «Құрмет» орденімен наградталды.
Құрметті Шолпан Исабекқызы! Мәртебелі марапатыңыз құтты болсын!